Бұл – елімізде сирек кездесетін жағдай
Шымкент қалалық №2 аурухананың перзентханасында 41 жастағы ана табиғи жолмен, ешқандай асқынусыз 6700 грамм салмақтағы сәбиді өмірге әкелді. Бұл – елімізде сирек кездесетін жағдай. Ұл бала отбасындағы алтыншы перзент атанып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Қазір ананың да, баланың да жағдайы жақсы. Ең таңғаларлығы – алып баланы анасы өзі босанып, ота да, күрделі араласу да қажет болмады", – делінген Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Оқи отырыңыз: Таза Қазақстан: Алматы облысында мың тонна қоқыс шығарылды