«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мегаполисте 18 білім беру мекемесін салу жоспарланған
Шымкентте жаңа 2 индустриялық аймақ іске қосылды. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шаһар басшысының дерегінше, мұнда 293 жобаны іске асыру арқылы 8 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылған. Қала экономикасына 225 миллиард теңге инвестиция құйылыпты.
"Қазіргі таңда 438 гектарды құрайтын жаңадан 2 индустриялық аймақ іске қосылды. "Жұлдыз" индустриялық аймағында көлемі шамамен 166 млрд теңгені құрайтын 46 ірі заманауи кәсіпорын ашылады. Ал "Бозарық" тамақ өнеркәсібі индустриялық аймақта құны 44 млрд теңгені құрайтын 2 мыңнан астам жұмыспен қамтылған 25 жоба іске асады, – деді Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков.
Тағы бір өткір мәселе Шымкенттің 13 елдімекенінде мектеп жоқ. Ал 21 білім ордасында орын тапшы. Қала әкімі бұл түйткілдің шешу жолын айтты. Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мегаполисте 28 мың оқушыға арналған 18 білім беру мекемесін салу жоспарланған. Қазір 3200 орындық 2 мектеп пайдалануға беріліп, 10 білім ошағының құрылысы жүргізіліп жатыр. Қалған 6 ғимараттың құрылысы 2025 жылы басталады.
"Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан" 3 мектептің құрылысына 7,9 млрд теңге қаралды. Инвесторлардың жеке қаражаты есебінен 2800 орындық 5 мектеп пайдалануға берілді. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, Тұран шағынауданында 500 орындық Оқушылар сарайының құрылысы 80 пайызға орындалды. Биыл 4 мектеп, 1 колледжге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, аталған нысандар жыл соңында іске қосылады", – деді Ғабит Сыздықбеков.
Оқи отырыңыз: Алматыда кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді