Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлердің жағдайы белгілі болды

Біздің сарбаздар қызмет ететін Біріккен ұлттар ұйымының голан жоталарындағы жауапкершілік аймағында жағдай шиеленіскен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер мандатқа сәйкес өз міндетін атқарып жатыр. Қорғаныс министрлігі олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Біздің сарбаздар қызмет ететін Біріккен ұлттар ұйымының голан жоталарындағы жауапкершілік аймағында жағдай шиеленіскен. Бірақ, тұрақты деп бағаланып отыр, - дейді ведомстваның ресми өкілі.

Есте болса, биыл көктемде қазақстандық бітімгерлер Голан жотасына аттанған еді. Қарулы күштердің әскери жасағының құрамында 139 сарбаз бар. Олар жауапкершілік аймақтарын патрульдеу, тосқауыл бекеттерін ұйымдастыру, бітімгерлік базаны күзетумен айналысып жүр.

«ҚР Қорғаныс министрлігі жағдайдың дамуын бақылауда ұстап отыр. Голан жоталарындағы қазақстандық әскери қыхзметшілермен тұрақты байланыс орнаған. Қажет болған жағдайда миссияны эвакуациялауды біріккен ұлттар ұйымы басшылығы миссия қолбасшылығының ұсынысымен қарайтын болады», – деді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Руслан Жангулин.

Айта кетейік, Сирияда көтерілісшілер кеше ел астанасы Дамаскіні басып алып, Башар Асад билігінің құлағанын мәлімдеген еді. Премьер-министр Мұхаммед Ғази әл-Жалали мемлекетті басқаруды халық таңдаған топқа өткізуге дайын екенін айтты. Сириядағы әскери қақтығыс 27 қарашадан бастап өршіді. Бүліктің алғашқы күні «Хайат Тахрир аш-Шам» қарулы тобы бастаған оппозициялық күштер Идлиб провинциясының солтүстік-батысынан шабуылға көшті. Арада 3 күн өткен соң көтерілісшілер елдің екінші ірі шаһары Алеппоға басып кірді. Осыдан кейін Хама, Хомс қалаларына бет алып, көп ұзамай оларды да бақылауына алады. Ал кеше қарулы топтар ел астанасы Дамаскіге кіріп, мемлекетті көп жылдан бері билеп төстеген Башар Асад билігінің құлағанын мәлімдеді.  

Оқи отырыңыз: Қостанайда әлеуметтік бейімдеу орталығының басшысы сотталды

 

Новости партнеров