Мектеп оқушысының өзіне қол жұмсағаны айтылды
Солтүстік Қазақстанда мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 9 сәуірде Айыртау ауданындағы Никольско-Бұрлық ауылында болған. Кәмелетке толмаған ер баланың денесі қорада асылып тұрған жерінен табылды. Алдын ала ақпарат бойынша 14 жасар мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған.
«Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс тіркелген. Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Шерзаттың жүрек тұсына пышақ сұққан – прокурор айыптау актісін оқыды