СҚО-да бірнеше ауылда су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр

26.04.2025 17:18

Бөгеттерді нығайтуға ТЖМ күштері жұмылдырылды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы Тепличное ауылының маңында орналасқан Первениц саяжай қоғамында ТЖМ қызметкерлері бөгетті нығайту жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су тасқынының алдын алу мақсатында қаптарды инертті материалдармен толтырылып, төселуде. Барлық шаралар қорғаныс құрылымдарының беріктігін арттыруға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

ТЖМ өкілдері мәлім еткендей, сонымен қатар Қызылжар ауданының Прибрежное, Ольшанка ауылдарында, сондай-ақ Петропавл қаласының Заречный кентінде су тасқынына қарсы белсенді жұмыстар жалғасуда.

«Ведомство басшысы ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен, құқық қорғау органдарының күштері, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерімен және еріктілермен бірлесіп қорғаныс құрылыстарын нығайту, су айдау және тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды тасқын сулардан қорғауды қамтамасыз ету бойынша қабылдап жатқан шаралармен танысты», - делінен хабарламада.

Су тасқынына қарсы штабтардың жұмысы тәулік бойы жалғасуда, ахуалға мониторинг тұрақты негізде жүзеге асырылуда.

Оқи отырыңыз: Су тасқыны: Қызылжар ауданында ауыл тұрғындары эвакуацияланып жатыр