Сөндіру жұмысын министрдің өзі басқарды: Талғардағы алапат өрт оқшауланды

15.03.2025 16:49

Өртті сөндіруге 37 адам жұмылдырылды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы резеңке дөңгелектер шығаратын зауыттан шыққан алапат өрт оқшауланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт барысында ҚР ТЖ министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов өртті сөндіру жұмыстарын тікелей үйлестіріп басқарды.

«Министр Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашу үшін іссапармен келген. ТЖМ басшысы қызметтердің жедел өзара іс-қимылын және өртті жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етті», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қаласы ТЖД 12 бірлік техникасы және жеке құрамнан 37 адам жұмылдырылды.

ТЖМ күштерімен өрт оқшауланды. Өрттің ауданы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында дөңгелек шығаратын зауыттан алапат өрт шықты