2019 жылы уақытша баспанаға ие болған шымкенттік жастар үшін келісімшарт мерзімі аяқталды
Шымкенттіктер үшін жағымсыз жаңалық. Енді мегаполистегі жастарға арендалық негізде баспана берілмейді. Мұны жауапты басқарманың басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Соңғы пәтерлер биыл ақпан, наурызда үлестіріледі. Осылайша, талай жастың уақытша паналы болуына септігі тиген бағдарлама тоқтайды.
"2024 жылы қарашада жұмыссыз жастарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер беру бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылданды. Қазіргі таңда балл санын санау, үміткерлердің құжатын ретке келтіру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Нәтижелері ақпанда шығарылады. 900 пәтер беріледі", – деді Тұрғын үй басқармасының басшысы Азат Исламов.
Айта кетейік, 2019 жылы уақытша баспанаға ие болған шымкенттік жастар үшін келісімшарт мерзімі аяқталды. Олар биыл үйлерін босатуы тиіс. Алайда азаматтар осы жылдар ішінде пәтер алуға қажетті қаражатты жинай алмағанын айтты. Мәселе қалай шешілетіні белгісіз.
Оқи отрыңыз: Ұлттық қордан балаларға: биыл қанша ақша түседі