СҚО-да шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқандар анықталды

11.03.2025 17:03

11 наурыздан бастап облыста "Заңсыз келуші — 2025" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде

Polisia.kz

СҚО-да полицейлер заңсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланған 5 жұмыс берушіні жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Almaty.tv.

СҚО-да полиция базарлар мен құрылыс нысандарын, ауылшаруашылық кәсіпорындарын, жеке шаруашылықтарды, сондай-ақ шетелдіктер еңбек ететін және уақытша тұратын басқа да орындарды тексеруде. 11 наурыздан бастап облыста "Заңсыз келуші — 2025" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Мақсаты – Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау. Операцияға көші-қон қызметінің мамандарымен қатар облыстық полиция департаментінің жедел уәкілдері мен учаскелік полиция инспекторлары да жұмылдырылған. Бүгінде облыста 6 мыңнан астам шетелдік азамат және шамамен 4,5 мың уақытша тұруға рұқсаты бар адам тіркелген. Екі айдың ішінде облыс полицейлері 2 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады. Ең жиі кездесетін заң бұзушылықтардың бірі – Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзу, бұл үшін 200-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 77 облыс тұрғыны шетелдік қонақтарды қабылдағаны туралы уақытылы хабарламағаны үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ бес жұмыс беруші шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Оқи отырыңыз: Шардара су қоймасы 90 пайыз толды