Полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп үлгерді
Атырауда полиция қызметкерлері өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv. тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
1 ақпанда сағат 10:06 шамасында 102 арнасына қала тұрғыны Алмагүл мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің шатырында інісінің өзіне қол жұмсамақшы болып тұрғаны туралы хабарлама берген.
Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері – полиция аға лейтенанты Жолдығалиұлы Серік, полиция аға лейтенанты Жақсыбаев Нұрсұлтан, учаскелік полиция инспекторлары – полиция лейтенанты Сабырғалиев Бағытжан Бауыржанұлы мен полиция капитаны Сапашев Ерболат Кенжебайұлы жедел жетті.
"Полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған 19 жастағы азаматты шатырдан түсіріп алды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта азамат жедел-тергеу тобына тапсырылып, аталған оқиғаға байланысты тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Ақтөбе облысында ұсталды