Жетісу оысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты басты сот отырысы өтіп жатыр
Мемлекеттік айыптаушы кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың өлімі 2024 жылдың 4 қазанында сағат 01:30–да Талғар орталық аудандық ауруханасының стационарында расталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ прокурор жасөспірімнің қандай дене жарақатынан қаза тапқанын айтты.
«Кәмелетке толмаған Полаттың өлімі сол жақ өкпенің жоғары бөлігіне зақым келтіре отырып, сол жақтағы кеуде қуысына еніп, шаншылып кесілген жарақат нәтижесінде ауыр қан жоғалтудан болды. Өлімі 2024 жылдың 4 қазанында сағат 01:30–да Талғар орталық аудандық ауруханасы стационарында расталған. Мәйітті зерттеу кезінде келесі дене жарақаттары анықталды: ішкі және сыртқы қан кетуді тудырған сол жақ өкпенің жоғары бөлігінің зақымдануы. Бұл дене жарақаты стационарға келгенге дейін шаншу-кесу қасиеті бар заттың әсерінен туындаған. Сыртқы дене жарақаттары: сол жақ желке аймағында бастың шашты бөлігінің терісінің көгеруі, оң көздің ішкі бұрышында, оң көздің қабағында, оң қолдың артқы бетінде, оң қолдың екінші, үшінші, төртінші саусақтары, сол жақта мұрын, ерін аймақтарында, оң білектің бір бөлігінде сызаттар», — деді прокурор.
Еске салайық, судья отырысты Талдықорғаннан Алматыға көшіруден бас тартты
Нұрқанат Ғайыпбаевтың жанжал барысында қандай жарақат алғаны айтылды.
Шерзаттың әпкесі айыптау актісімен келіспейді.