Алқабилердің үкіміне сәйкес, айыпталушылар кінәсіз деп танылған болатын
Ақмола облысының прокуратурасы алқабилер сотының шешіміне наразылық келтірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылғы 12 ақпанда Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер үкімінің негізінде Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің «№1 мекеме» РММ-нің бұрынғы 12 қызметкер ақталып шыққан болатын.
Атбасар қаласындағы №1 түзеу мекемесінде бұрынғы лауазымды тұлғалары сотталғандарға қатысты азаптау әрекеттерін қолданғаны үшін айыпталған.
Алқабилердің үкіміне сәйкес, айыпталушылар кінәсіз деп танылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабы 3-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмысты жасаудағы айып бойынша ақталды.
«Ақмола облысының прокуратурасы сот актісімен келіспей, 2025 жылы 14 ақпанда апелляциялық өтінішхат енгізді», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Ұрланған миллиондар мен миллиардтар: ІІМ іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады