Спортты дамыту дирекциясының басшысына қатысты тергеу аяқталды

Фото: t.me/antikornews
Фото: t.me/antikornews

Директор мен оның орынбасары бюджет қаржысын жымқырды деп күдіктеліп отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК директоры мен оның орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Олар кәсіпкерлік субъектілерімен бірлесіп, спорт жабдықтарын сатып алуға, сондай-ақ туроператорлармен жоғары құны бойынша шарттар жасасу арқылы 584 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктеліп отыр. 

Сонымен қатар кәсіпорын директоры жеке компанияның директоры бола тұра, 2021 жылы Батыс Қазақстан облысында футбол мен допты хоккейді дамытуға бөлінген 161,9 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырған", - делінген Антикор хабарламасында.  

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Оқи отырыңыз: Ақтаудағы ұшақ апаты: Қырғызстан азаматтары тірі екені айтылды

Новости партнеров