Су басып қалған: Ақмола облысында республикалық жол жабылды

06.04.2025 12:25

Көлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалыс жабылды

Көрнекі фото: Аlmaty.tv

Ақмола облысында руспубликалық маңызы бар жолды су басып қалғандықтан, көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«ҚазАвтоЖол» ҰК" АҚ хабарлауынша, жол қозғалысына шектеу Көкшетау-Атбасар автожолының 103-184 шақырымы аралығында, атап айтқанда, Балкашино ауылынан Атбасар қаласына дейін енгізілген. 

«Бүгін сағат 11-00-ден бастап еріген суының тереңдігі 20 см, ұзындығы 460 м-ден 173,177,188 км-ге толып кетуіне байланысты республикалық маңызы бар жол учаскесінде көлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.

Жағдай тұрақталып, су деңгейі төмендегенше бұл бағыттағы қозғалыс толығымен жабылады.

Оқи отырыңыз: Арқалықта блогер бірнеше адамды зорлады деген күдікпен ұсталды