Су тасқыны : ШҚО-да 2500-ден аса маман қауіппен күресуге дайын

 Өңірде су айдындарына да мониторинг жүргізілмек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ШҚО-да 156 мың текше метр қар сыртқа шығарылған. Су айдындарына да мониторинг жүргізілмек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал 2500-ден аса маман қауіппен күресуге тас-түйін дайын отыр. 242 мотопомпа, 46 жүзу құралы, 800-ден аса техника топтастырылды. Сонымне қатар сала мамандары, өңір тұрғындарын аулалардың аумағын, арықтарды қар мен мұздан тазартып, көктемгі кезеңге ертерек дайындалуға шақырды.

"Сонымен қатар 64 мың дана қап, 9323 тонна инертті материал және 263 тоннадан астам жанар-жағар май дайындалды. Зардап шеккен халықты қабылдау үшін жалпы сыйымдылығы 17 мыңнан астам адамды құрайтын уақытша орналастыру пункттері анықталды. Осы бағыт бойынша жұмыстар әлі де жалғасуда", – деді ТЖД аға инженері Алмас Рақышев.

Оқи отырыңыз: Су тасқыны: Ақтөбе облысында дайындық қалай жүргізілуде

Новости партнеров