Биыл өткен 533 іс-шараға 270 мыңнан астам тұрғын қатысқан
Алматыда биыл Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу жұмыстары аясында 9 талдау мен мониторинг жүргізілді. Бұл туралы жауапты агенттіктің қалалық департаменті басшысы Арман Рақымов өңірлік коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, еріктілердің көмегімен биыл бірқатар заңбұзушылыққа тосқауыл қойылып, 2,3 млрд теңге көлемінде қаражат үнемделген. Сондай-ақ осы бағытта антикор мен Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы бірлесе, жүйелі жұмыс атқарып жатыр. Департамент басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жиі өткізілетінін айтты.
"Биыл 533 іс-шара өткіздік, 270 мыңнан астам тұрғын қатысты. Ол халықаралық деңгейдегі іс-шаралар, жақында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да студенттер арасында сыбайлас-жемқорлыққа олимпиада өткіздік", – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Арман Рақымов.
Оқи отырыңыз: Су есептегіш құралын орнатпаған тұрғындар үшін тариф екі есеге өсті