Жеңімпаздар 7 номинация бойынша анықталды
Алматыда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шығармашылық конкурс өткізілді. Сайысқа қаладағы 50-ден аса колледждің білім алушысы қатысып, 78 жоба ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар екі бағыт бойынша сынға түсті. Бірінші кезеңде қатысушылар «Заң және тәртіп – өзіңнен баста» тақырыбында бейнематериал түсірген болса, екіншісінде парақорлыққа қарсы шығармашылық жобаларын, яғни макет-модельдер мен арт-объектілерді көпшілік назарына ұсынды.
Айта кетейік, жеңімпаздар 7 номинация бойынша анықталды. Ал жүлде қоры 1 миллион теңге болды.
«Конкурстың негізгі мақсаты – жаңа сыйақы емес, жастарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тарту. Келешекте жастар Сыбайлас жемқорлықтың қатері мемлекетке, қоғамға, халыққа кері әсер ететін түсіндіру, – деді Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция басқармасының басшысы Қанат Сәлімбаев.
«Менің идеям – пара беруден бас тарту. Бала сабаққа бармай, диплом жұмысын қорғай алмайды. Достары «ақша беріп көрсей» деп ақыл қосады. Міне осы тұста ол болашағын ойлайды. Пара бермей, өз күшіне сенеді», – студент Ерасыл Айтбек.
Оқи отырыңыз: Кәмелетке толмаған баласы бар әйелдерге қатысты заң ұстанымдары қайта қаралуы мүмкін