Алаяқтық қоңыраулар: Алматыда шетелдіктен екі мыңға жуық sim-карта тәркіленді

30.01.2025 10:00

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Алматыда ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлінісі жалдамалы пәтерде таяу шет елдердің бірінің азаматын ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Үй-жайды тексеру барысында жедел уәкілдер үш sim-box құрылғысын тапты. Олардың әрқайсысында 32 sim-карта слоты болған. Сондай-ақ әртүрлі ұялы байланыс операторларының екі мыңға жуық sim-картасы тәркіленді. Құрылғылардың көмегімен қазақстандықтарға алаяқтық қоңыраулар жасалған. Шетелдік азаматтың біздің елге былтыр желтоқсан айында келіп, алаяқтық әрекеттер жасау үшін аталмыш жабдықтарға қызмет көрсетумен айналысқаны анықталды. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Оқи отырыңыз: Оралда басына кірпіш құлаған ер адам көз жұмды