Талдықорғанда өзеннен өтпек болған көліктер мұз астына түсіп кетті

ТЖМ
ТЖМ

Оқыс оқиға Жетісу облысы Талдықорған қаласынан 5 км қашықтықта Балықты өзенінде болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Талдықорғанда өзеннен өтпек болған көліктер мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Жетісу облысы Талдықорған қаласынан 5 км қашықтықта Балықты өзенінде болды.

Жетісу облысында Талдықорған қаласынан 5 км қашықтықта демалыс орны маңында өзен арқылы өту кезінде екі жеңіл автокөлік жартылай мұз астына түсіп кетті.

"ТЖМ жедел-құтқару жасағының күшімен көліктер Балықты өзенінің сағасынан жағаға шығарылды. Барлығы 5 адам құтқарылды, медициналық көмек қажет болмады", — делінген хабарламада.

ТЖМ мұз үстімен жүрудің қауіпті екенін ескертеді және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Оқи отырыңыз: Қызылорда – Ақтөбе бағытында 4 жолақты күре жол салынады

Новости партнеров