Талғардағы өртенген үйге ІІМ бірінші орынбасары барды

massaget.kz
massaget.kz

Бауыржан Әленов министрдің тапсырмасы бойынша келген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірімнің отбасы тұрған үйдің орнына арнайы келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша мен оқиға орнына келдім. Жедел-тергеу тобы құрылды. Менімен бірге Ішкі істер министрлігінің өкілдері қызмет атқаруда. Бейнежазбалар тексеріліп, куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлер ұсталып, жауапқа тартылатын болады. Қылмыстық іс министрдің ерекше бақылауында», - деді Бауыржан Әленов.

Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда азық-түлік дүкені жанында жанжал болып, соның салдарынан 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған болатын. Аталған оқиғаға қатысты 7 адам қамауға алынды. Қаза болған жасөспірімнің туыстарының айтуынша, оларға шабуыл жасаған қарулы топтың құрамында 13 адам болған. Ал бүгін, яғни 12 қазанда түнде белгісіз біреулер марқұмның туғандары тұратын үйді өртеп жіберген. Баспрокуратура өрт оқиғасына қатысты істі жеке бақылауға алғанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Қылмыскерлер әділ жазалануы керек: Мәжілісмен Талғардағы жаға ұстатқан жағдайға қатысты үн қатты

Новости партнеров