Тас опырылып, қала тұтас жер астына түсіп кетуі мүмкін

Фото видеодан алынды
Фото видеодан алынды

Жергілікті биліктің мәліметінше, қауіпті аймақта 250 үй бар.

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бразилия билігі елдің солтүстігіндегі Буритикупу қаласы елді мекен тау жыныстарының опырылуы салдарынан жер астына кетеді деген қауіпке байланысты аталған аумақта төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Табиғи апаттар туралы формулярда сипатталған аумақтарда қоғамдық апаттың режимі танылсын", - делінген құжатта. 

Бұған дейін муниципалитет Буритикупуда нөсер жаңбыр тастың опырылуы қаупін арттырғандықтан төтенше жағдай жариялаған болатын. Газетте жарияланғаннан кейін жергілікті билік зардап шеккендерге көмек көрсету үшін федералды үкіметтен қосымша қаражат сұрай алады. Жергілікті биліктің мәліметінше, қауіпті аймақта 250 үй бар.

G1 порталының жазуынша, Буритикупуда тау жыныстарының біртіндеп опырылуы 30 жылдан астам уақыт бойы байқалып келеді және осы уақыт ішінде 70-тен астам үй жер астында қалған. 

Оқи отырыңыз: Қолайсыз ауа райы: елімізде 2 өңірде көлік қозғалысы шектелді

Новости партнеров