Алматыда Испания мен Австрияның жетекші интервенциялық кардиологтары күрделі ота жасады. Олар қолданған инновациялық TAVI әдісі өлім қаупі жоғары, ауыр қолқа стенозы бар науқастарға арналған. Шетелдік білікті кардиологтармен бірлесе жасалған операциялар қалай өтті? Науқастардың денсаулығы қалай? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының интервенциялық кардиологі Алмат Қалжанов жауап береді.
Толығырақ бейнематериалдан көре аласыз.