Таза Қазақстан: Алматы облысында отыз мыңға жуық ағаш отырғызылды

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өңірде арнайы медиа-жоспар бекітілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 29,6 мың ағаш отырғызылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңір экологиялық бастаманы белсенді қолдады: 2025 жылдың басынан бері жүздеген су айдыны, саябақ пен аулалар тазартылды. Сенбілікке ондаған мың тұрғын мен мыңдаған кәсіпорын өкілдері қатысты. Нәтижесінде 1,9 мың тонна қоқыс жиналып, 29,6 мың ағаш отырғызылды, сондай-ақ 13 келі түрлі ағаш тұқымы себілді.

“Алматы облысы – Қазақстанның ең көркем өңірлерінің бірі. Оның тазалығы мен сұлулығын сақтау – әрқайсымыздың борышымыз. Қаншама адамның бұл іске бей-жай қарамай, өз үлесін қосқаны қуантады”, – деді акцияға қатысушылардың бірі.

2025 жылдың басынан бері 1 952 көпқабатты тұрғын үй ауласы, 55 саябақ пен сквер, 254 тарихи-мәдени ескерткіш және 462 әлеуметтік нысан тазартылды. Сонымен қатар 241 өзен, көл және су қоймасының жағалауы ретке келтіріліп, жұмыстарға 956 техника тартылды.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өңірде арнайы медиа-жоспар бекітілді. Соның аясында 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында 7 998-ден астам материал жарияланған.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өңірде жалғасуда. Ұйымдастырушылар тұрғындарды тек сенбіліктерге қатысып қана қоймай, күнделікті өмірде де қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырады.

Оқи отырыңыз: Кинологтары 100-ден аса есірткі қылмысын анықтаған

Новости партнеров