Таза Қазақстан: экологиялық қозғалысқа айналған акция қоғамға қалай әсер етіп жатыр

25.04.2025 21:59

Алматыда жыл басынан бері «Таза Қазақстан» жобасы аясында 400-ден астам сенбілік өтіп, 10 мыңға жуық көшет отырғызылған. 445 саябақ пен сквер тазартылып, 1000-нан астам волонтер түрлі экологиялық акцияларға атсалысты. Бүгінде Президент бастамасы қаланың әр ауданында үлкен қолдау тауып отыр. Жастардың басын қосқан комьюнити орталықтардың бұл бағытта атқарған жұмысы қандай? Осы және өзге сұрақтараға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Жетісу ауданы Комьюнити орталығының жетекшісі Әкежан Кеңесов жауап береді.