TAZA Qala: Алматыда эко-дәрістер өтіп жатыр

Іс-шара бүгін Almaty Creative кеңістігінде жалғасын тапты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «TAZA Qala» экологиялық жобасы аясында эко-дәрістер өтіп жатыр. Іс-шара бүгін Almaty Creative кеңістігінде жалғасын тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған қаланың бірнеше мектебінен келген оқушылар қатысып, экологиялық мәдениетті арттыру бағытында дәріс алды. Жиында сонымен қатар, Zero Waste қағидалары түсіндіріліп, қалдықтарды дұрыс сұрыптау, қайта өңдеу жолдары айтылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта тағы бірнеше тақырыптық кездесу жоспарланып отыр.

 «Менің ойымша, әр адам қоршаған ортаны таза ұстауға үлесін қоса алады. Тіпті кішкентай істердің өзі үлкен өзгерістер мен нәтижелерге алып келеді. Инфрақұрылым толық дамымаған шығар, мүмкін ақпараттандыру аз шығар. Бірақ соған қарамастан, әр адам жауапкершілікпен қарауы керек», – деді экоблогер Кәмилә Әкімбекова.

Оқи отырыңыз: Өңдеу өнеркәсібі: жыл басынан бері өндіріс көлемі 8,7%-ға артты

Новости партнеров