Теміртауда ер адам жол бойында ерегіскендерді ажыратамын деп ажал құшты

11.03.2025 12:40

Қарағанды облысының Полиция департаменті ақпаратты растады

Қарағанды облысының Теміртау қаласында жанжалдасқан жігіттерді ажыратпақ болған ер адам пышаққа ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ескерту жасағаны үшін жарақат алған ол оқиға орнында ажал құшқан. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардан жігіттің екі азаматты тыныштандырмақ болғаны айқын көрінеді. Бірақ төбелескелі тұрғандардың біреуі оған пышақ сұғып алған. Алған жарақатынан ажыратпақ болған жігіт оқиға орнында жан тапсырды. Жергілікті полиция да ақпаратты растап отыр.

«Полиция қызметкерлері мен 27 жастағы күдікті ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала тергеу барысында күдікті ішімдік ішкен күйде 44 жастағы азаматпен сөзге келіспей қалып, соның салдарынан пышақ жарақатын салғанын анықталды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды , тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

 

Оқи отырыңыз: Боранды күнде еліміздің аймақтарында 11 бала мен 11 балықшы құтқарылды