Азамат 30 жастағы келіншекке кезекшілік кезінде шабуыл жасаған
Теміртау қаласында әріптесін аяусыз соққыға жыққан күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Азамат 30 жастағы фельдшерге кезекшілік кезінде шабуыл жасапты. Жас келіншекті көк таяқтың астына алған бұзақы мас күйде болған. Ал тексеріс барысында жанжалдың қызметке еш қатысы жоғы расталды. Қазір аталған іске қатысты тергеу жүріп жатыр.
«Аталған оқиға бойынша сол күні қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардың емдеу курсы аяқталғаннан кейін тиісті сараптамалар тағайындалады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде оқиғаның мән-жайы, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауға себеп болған жағдайларды анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Оқи отырыңыз: Сотта Шерзат өлімінің негізгі себебі аталды