Былтыр жаяу жүргіншіні пойыз басып кетудің 75 оқиғасы тіркелген
28 ақпан күні сағат 21:46-да Боранқұл станциясында оқыс оқиға болып, пойыз ер адамды басып кетті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осыған орай ҚТЖ темір жол бойында қаупсіздік ережесін сақтауды сұрайды.
"Теміржолды белгіленбеген орыннан кесіп өтпек болған адамның әрекеті осындай қайғылы оқиғаға себеп болды. Ер адам Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді. Оқиға туралы ақпарат Маңғыстау желілік полиция бөлімшесіне жеткізілді", — делінген хабарламада.
ҚТЖ темір жол — қауіптілігі жоғары аймаққа жататынын ескертеді. Былтыр жаяу жүргіншіні пойыз басып кетудің 75 оқиғасы тіркелген. Негізігі себеп — темір жол өткелдерін кесіп өту ережесінің бұзылуы, мас күйде болу немесе құлаққап киіп өту, суицид.
Жаяу жүргіншілерге келесідей ережелерді сақтау ескертілді:
— теміржолды тек қана белгіленген орыннан кесіп өту;
— өте сақ бол;
— құлаққап пайдаланбау, темір жолға жақын маңайда гаджетке алаңдамау.
Ережені ұстану трагедиядан сақтануға көмектеседі.