Толассыз жауын: Алматы облысында медициналық орталықты су басып қалды

Mahesh Mahendrakar / Unsplash
Mahesh Mahendrakar / Unsplash

Алдын ала мәліметтер бойынша, су басудың негізгі себебі – өзен арнасының заңсыз тарылуы

Жаңалықтармен бөлісіңіз

25 наурызда толассыз жауын-шашынның салдарынан Қотырабұлақ өзені арнасынан шығып, Талғар ауданы, Бесағаш ауылында жеті аула аумағы мен медициналық орталықты су басты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдын ала мәліметтер бойынша, су басудың негізгі себебі – өзен арнасының заңсыз тарылуы. Тұрғындар өзеннің табиғи арнасына қоршаулар мен күркелер орнатқан, бұл судың өткізу қабілетін төмендеткен. Салдарын жою және су басудың алдын алу мақсатында Талғар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су басқан үйлердің жоғарғы бөлігінде арық жүйесін тереңдету жұмыстарын жүргізуде. Жұмысқа Алматы облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдарынан 15 адам, 5 техника және 2 мотопомпа жұмылдырылды.

Су ағымы тоқтатылды, заң бұзушыларды анықтау және өзен арнасының табиғи өткізу қабілетін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Елімізде бірқатар аймақта дауылды ескерту жарияланды

Новости партнеров