Алматының сауда орындарында картоп бағасы тұрақты әрі жеткілікті - мамандар

Мегаполистегі  баға тұрақтылығы алдағы күндері барлық өңірде жалғасын табады

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін облыс өндірушілерінен 9,5 мың тонна өнім сатып алынды. Дегенмен мегаполисте кей тауардың құны әлі де құбылып тұр. Ал несиелік келісімшарт бойынша алынған тауардың 10 пайызы сатылып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шаһарда картоп бағасы әлі де тұрақсыз. Кейбір сауда орындарында 1 келі картоптың құны 350 мен 450 теңгенің аралығында. Мұндай қымбатшылықты сарапшылар Павлодар мен Қарағанды ​​облысындағы бағаның өсімімен байланыстырады. Бұл бағытта жауапты басқарма шаруалармен 9,5 мың тоннадан астам картоп сатып алуға келісімшарт жасасқан. Оның мың тоннадан астамы сатылып кеткен екен.

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін "Алматы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" супермаркеттер желілерімен несиелік келісім жасады. Атап айтқанда: картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат сынды көкеністер Алматы, Ақмола, Жамбыл, Павлодар және Түркістан облыстарындағы өндірушілерден алып келінді. Жалпы көлемі 9720 тоннаға келісімшарт жасалды",- деді "Алматы" ӘКК" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Темірлан Нихамбаев.

Сала мамандарының айтуынша, алаңдауға еш негіз жоқ. Сатып алынған барлық өнім тұрақтандыру қоймаларында сақталуда. Қажет болған жағдайда, қосымша тауар партиясын бөлшек сауда орындарына жеткізуге мүмкіндік бар.

Алматы қаласының сауда орындарында картоп құны тұрақты әрі жеткілікті. Ел ішінде екінші нан аталып кеткен өміннің 1 келі бағасы 157 теңге деңгейінде белгіленген.

"Бізде картопқа қатысты еш қиындық болған жоқ. Картоп қашанда жеткілікті болды. Барлығы әдеттегідей жүріп жатыр. Өнім таусылса, күн сайын көкөністер мен жемістерді жеткізіп отырады", - дейді сатушы Елена Кихтенко.

Алматыдағы баға тұрақтылығы алдағы 2-3 күнде барлық өңірде жалғасады. Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрі мәлімдеді.

Айта кетейік, қазір қаланы қамтитын қоймаларда 8 мың тоннадан астам өнім бар.

Мәди Мәлік, Ялкунжан Әшімжанов, "Алматы" телеарнасы

Оқи отырыңыз: Министр картоп бағасының қашан тұрақталатынын айтты

Новости партнеров