Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі
Синоптиктер 2 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады, ҚР оңтүстігінде жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде жауады», - делінген хабарламада.
Республика бойынша тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында - көктайғақ, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, орталығында – жаяу бұрқасын, батысында, солтүстігінде жел күшейеді.
Астанада – ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -19...-21°C, күндіз -5...-7°C.
Алматыда – ауа райы құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз, таңертең тұман, жолдар көктайғақ, жел 5 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз +4...+6°C.
Шымкентте – ауа райы құбылмалы, бұлтты, күннің соңында жаңбыр жауады, жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде -1...+1°C, күндіз +10...+12°C.
Ақтауда - күн бұлтты, өткінші қар жауады, көктайғақ, бұрқасын болады, жел 9-14, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз -2...-4°С.
Ақтөбеде - күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°C, күндіз -5...-7°C.
Атырауда - күн бұлтты, өткінші қар жауады, бұрқасын, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -13...-15°C, күндіз -5...-7°C.
Жезқазғанда - ауа райы құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°C, күндіз -3...-5°C.
Қарағандыда - ауа райы құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -16...-18°C, күндіз -3...-5°C.
Көкшетауда - ауа райы құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12, күндіз -2...-4°C.
Қонаевта - ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, таңертең тұман, жолдар көктайғақ, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +6...+8°C.
Қостанайда - ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -19...-21°C, күндіз -7...-9°C.
Қызылордада - күн бұлтты, кей жерлерде қар, көктайғақ, тұман, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз -2...-4°C.
Павлодарда - ауа райы құбылмалы, бұлтты, аздаған қар жауады, 7-12 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -15...-17°C, күндіз -5...-7°C.
Петропавлда - ауа райы құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°C, күндіз -4...-6°С.
Семейде - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде -20...-22°C, күндіз -5...-7°C.
Талдықорғанда - ауа райы құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -7...-9°C, күндіз +3...+5°C.
Таразда - ауа райы құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +7...+9°C.
Түркістанда - ауа райы құбылмалы, бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -1...+1°C, күндіз +9...+11°C.
Оралда - ауа райы құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз, таңертең тұман, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -18...-20°С, күндіз -3...-5°С.
Өскеменде - күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 5 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -20...-22°C, күндіз -4...-6°C.
Оқи отырыңыз: Алматыда 2 наурызда доллар мен еуро қанша теңгеден сатылып жатыр