Түпнұсқасы қазақша жазылатын заңдардың саны қашан артады

Scott Graham/unsplash.com/
Scott Graham/unsplash.com/

Министр Конституцияда заң жобасы Әділет министрлігінің сараптамасына екі тілде бір уақытта түсу керектігі айтылғанын еске салды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында заңдардың түпнұсқасы неге қазақша жазылмай жатқаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Егер қажеттілік туындап жатса, қай тілде көбінесе сұрау болады, сол тілде заң жобасы әзірленеді. Ол бағытта қандай да бір қиындықтар болып жатқанын көрген емеспін. Қазір ондай мүмкіндік бар. Қажеттілігі бар болса, қай тілде азамат ерекше сөйлейді, сол тілде заң жобасы әзірленеді", - деді ол.

Министр Конституцияда заң жобасы Әділет министрлігінің сараптамасына екі тілде бір уақытта түсу керектігі айтылғанын еске салды. 

"Сондықтан, бізге келіп жатқан заң жобалары екі тілде әзірленеді. Сараптама жасаған кезде азамат қай тілде еркін сөйлейді, сол тілде сараптаманы жүргіземіз. Осындай талап қоямыз деген ойда жоқ. Қай тілде әзірленеді, сол тілде қолдана береді. Ешқандай проблема жоқ", - деді ол. 

Оқи отырыңыз: Алматыда тонау фактісі камераға түсіп қалды

 

Новости партнеров