Түркі дүниесі жастары: Алматыда форумның ашылу салтанаты өтті

Жиын барысында әлемнің 25 елінен 200-ге жуық жастар бас қосады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда "Түркі дүниесі жастары" бірінші форумының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған іс-шара түркітілдес халықтар арасындағы бауырластық, достық қарым-қатынасты арттырып, мәдени-ғылыми ынтымақтастық аясын кеңейтуге бағытталған. Жиын барысында әлемнің 25 елінен 200-ге жуық жастар бас қосады. Бағдарлама бойынша өзге ұлт өкілдерінің "мәдениет пен руханият" көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар дөңгелек үстел мен пікірталастарға қатысуға мүмкіндік алды.

"Моңғолиядағы қазақтар, жастар не істеп жатыр? Мәдениетін және тілін қалай қорғап жатқанын таныстырдық. Басқа мемлекеттерге ерекше ұнады деп ойлаймын. Моңғолиядан бір қазақ азаматы және кіші ұлттардан жастар келіп, қатысып жатыр", – деді қатысушы Абай Мұратұлы.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы мектепте Жексенбек Әділов атындағы математика кабинеті ашылды

Новости партнеров