Түркістан облысында 44 бапкер жалған дипломмен жұмыс істеген

02.02.2025 17:59

Мұны Антикордың ресми өкілі мәлімдеді

Аlmaty.tv

Жалған дипломмен жұмыс істеген бапкерлер әшкереленді. Түркістан облысының жаттықтырушылары бұл тізімде көш бастап тұр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен жылы тренерлік және спорттық қызметпен айналысқан 278 адамның жалған диплом қолданғаны анықталды. Оның 9-ы басшы, 248-і жаттықтырушы және 21-і басқа да қызметкерлер. Мұны Антикордың ресми өкілі мәлімдеді.

"Мұндай фактілердің басым көпшілігі Түркістан (44), Атырау (30), Алматы (26), Жамбыл (22) және Ақмола (20) облыстарында анықталды. Қабылданған шаралар аясында 250 адаммен еңбек келісімшарттары бұзылды. Қалғандары бойынша жұмыстан босату мәселесі тергеу нәтижелері бойынша шешіледі", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров.

Оқи отырыңыз: СҚО-да көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді