Түркістан облысында газ баллоны жарылды

Оқыс оқиғадан 6 адам зардап шеккен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысы Созақ ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқыс оқиғадан 6 адам зардап шеккен. Үйінді астында қалған әйел мен оның 5 баласын көршілер шығарып алған. Олар жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек алған. Дәрігерлердің айтуынша, барлығының денесін күйік шалған, жағдайы орташа ауыр. Ал газ-ауа қоспасының жарылысынан үй толығымен қирап қалған көрінеді. Оқиға орнында 20 құтқарушы, 5 техника жұмыс істеді. Қазір жарылыстың себебі анықталып жатыр.

"Газ жарылысы туралы хабар түсті. Оқиға орнына келгенде анықталғаны 27 литрлік газ балоны жарылып, тұрғын үйдің қирауына жол берілген. Қазіргі таңда 6 адам аудандық ауруханаға түсіп, үшеуі жансақтау бөлімінде. Ем шараларын қабылдап жатыр", – деді Созақ аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Қанат Ақбаев.

Оқи отырыңыз: Астанадағы LRT құрылысы қашан аяқталады

Новости партнеров