Түркістан облысында қар барысы видеоға түсіп қалды

24.01.2025 12:14

Фототұзақтар арқылы алынған бірегей бейнелер бұл сирек кездесетін түрдің ұлттық парк аумағында бар екенін растайды

стоп кадр

Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағында фототұзақтар қар барысын түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Фототұзақтар арқылы алынған бірегей бейнелер бұл сирек кездесетін түрдің ұлттық парк аумағында бар екенін растайды.

"Сайрам-Өгем ұлттық паркінде қар барысының болуы жабайы табиғатты сақтауға қолайлы жағдайлардың бар екенін және парк қызметкерлері жүргізіп жатқан табиғатты қорғау шараларының жоғары тиімділігін дәлелдейді", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Атыраудағы құрылыс алаңында 1 жұмысшы көз жұмды