Түркістан облысында жүргізуші есірткі алып бара жатқан жерінен ұсталды

polisia.kz
polisia.kz

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында ер адамға тиесілі көліктің салонынан 7 пакет есірткі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, жедел-іздестіру барысында Түркістан облысында есірткі сақтап, тасымалдау фактісі анықталды.

Жедел уәкілдер Отырар ауданындағы Шәуілдер-Түркістан автожолында Шымкент қаласының тұрғыны басқарған Lada автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көліктің салонынан ішінде есірткі заты бар 7 пакет табылды. Алынған заттың жалпы салмағы шамамен 400 грамм марихуана болып шықты.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Оқи отырыңыз: Екі ер адам таксистің телефоны мен ақшасын тартып алып, өзін көшеге лақтырып кеткен

Новости партнеров