Түркістандық диқандар өнім жинауға кірісті

Былтыр өңірде орамжапырақтар жиналмай, сол күйі алқаптарда қалып кеткен еді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің өзге аймақтарында шаруалар көктемгі егіске қамданып жатса, Түркістан облысының диқандары алғашқы өнімін жинауға кірісті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақпанның соңында егілген қырыққабаттар ел нарығынан бөлек, көршілес елдерге де экспортталып жатыр. Былтыр өңірде орамжапырақтар жиналмай, сол күйі алқаптарда қалып кеткен еді. Себебі сатып алатын ешкім болмай, шаруалар шығынға батқан. Ал биыл Ресей, Белорусь және Еуропа елдерінен сұраныс артқан.

«Өндімді Ресейге жіберіп жатырмыз. Диқандар үшін берекелә болды. Биыл күн жылы болды. Былтыр қар жауып, мұзда қалып кеткен», – деді шаруа Нұрлыбек Жайынбаев.   

Облыста 260 тоннадан астам қырыққабат және 40 тоннадан аса салат жапырағы жиналған. Өңірде су тапшылығы жоқ. Алқаптың 900 гектарына су үнемдеу технологиясы енгізілген. Түркістан облысында 896 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған. Бұл былтырмен салыстырғанда 26 мың гектарға артық.

 «Түркістанда климаттық ерекшелігіне байланысты алғашқылардың бірі болып, көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Яғни жоспарланған жер айдау, сор шаю жұмыстары 100 пайыз орындалды. Жоспарланған алқаптың 60 пайызы егілді», – деді Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Плалов.

Оқи отырыңыз: Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді

Новости партнеров