Түркістандық шаруалар картоптың жаңа сортын егіп жатыр

Келестік шаруалар бір маусымда екі рет картоп жинамақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістандық шаруалар ауа райының қолайлылығын тиімді пайдаланып, өнімінің ерте пісетін сорттарын отырғызуға көшті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Келестік шаруалар бір маусымда екі рет картоп жинамақ. Қазір олар егістік алқабында күнделікті еңбек етіп жатыр. 

"Үш гектар жерге картоп егіп жатырмыз, 90 күнде пісіп қалады. Көкөністерді Алматы облысы, Астана,  Ресейге де жібереміз", – деді шаруа Әбдіәкім Әбдімүтәліп

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, биыл картоп егуге арналған жер көлемі ұлғайған. Облыста 6 844 гектар жерге көкөніс егіліп, одан 186,3 мың тонна өнім жинау жоспарланған. Бұл өз кезегінде мамыр айынан бастап өңір тұрғындары мен басқа облыс халқын ерте пісетін картоппен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Атап өту керек, картоп күзгі-көктемгі болып екіге бөлініп, егіледі. Күзгі картоптардың басым бөлігі Солтүстік Қазақстаннан келетіндіктен, өзімізге қажетті картоп ғана егіледі. Ал ерте пісетін картоптар басқа облыстарға ең бірінші шығады", – деді Келес аудандық Ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Өмірсерік Алтынбаев.

Оқи отырыңыз: Арал теңізі аймағында көгалдандыру жұмысы жалғасып жатыр

Новости партнеров