ТЖ министрі жаңа эвакуациялау техникасын өзі сынап көрді

ТЖМ ресми телеграм каналы
ТЖМ ресми телеграм каналы

 Министр мұндай техника құтқару қызметтерінің ұтқырлығын күшейтетінін атап өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шыңғыс Әрінов тест-драйв өткізіп, заманауи техниканың тиімділігін тәжірибе жүзінде көрсетті. Бұл көлік жолды бөгеген машиналарды жедел эвакуациялап, өрт сөндіру техникасына жол ашады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тар көшелер мен тығыз қойылған көліктер — өрт сөндіру бригадаларына кедергі келтіретін басты себептердің бірі. Жаңа эвакуациялық техника – бұл өрт сөндірушілердің жұмысын айтарлықтай жеңілдететін маңызды құрал.

 Министр мұндай техника құтқару қызметтерінің ұтқырлығын күшейтетінін және төтенше жағдайларда әрекет етудің тиімділігін арттыратынын атап өтті.

 Мұндай техниканы пайдалану - Қазақстан ТЖМ техникалық базасын жаңғырту мен нығайтуға жасалған тағы бір қадам.

 Төтенше жағдайлар кезінде әр секунд маңызды және осындай шешімдер адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында үш бала газдан уланып көз жұмды

Новости партнеров