Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда ішкі саясат мәселесіне де кеңінен тоқталды
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда ішкі саясат мәселесіне де кеңінен тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл бағытта мемлекеттік органдар жан-жақты зерттеу жүргізіп, мәселені егжей-тегжейлі пысықтау қажет. Сарапшылар да еліміз үшін ішкі саясат мәселесі маңызды деп санайды. Олар қоғамның тұрақтылығы мен әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуде, азаматтардың құқығын қорғауда рөлі ерекше деп бағалайды.
«Бізде ішкі саясат бойынша жекелеген бағдарламалық құжат болды. Бірақ дәл осындай ауқымда болған жоқ. Президент осы мәселеге тоқталды. Ол ономастиканы да, кейбір идеологиялық тұстарды да қамтиды, – деді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ стратегиялық талдау бөлімінің бас сарапшысы Айдана Акесина.
Ұлттық құрылтайда көтерілген тағы бір мәселе уақыт белдеуі болды. Президент осыған қатысты пікірталасты доғарып, оны саясиландырудың керегі жоқ екенін айтты. Себебі бірыңғай уақыт белдеуі Парламент отырыстарында талқыланып, арнайы зерттеуден өткен. Мемлекет басшысы «бұл тәсіл мемлекетті басқару ісін жеңілдетеді» деп пікірін білдірді.
«Екінші үлкен бір мәселелердің бірі – ол сағаттың ауысуы. Президент нақты сағат белдеуінің тұрақты екендігін, оның өзгермейтіндігін алға тартқан болатын. Бірақ «осылай шештік, өзгермейді» деген мәселе емес. Егерде халыққа қолайлы уақыт белдеуі қажет болса, ШҚО секілді сағат 8:00- ден сағат 17:30-ға дейінгі жұмыс күнін белгілеуге мүмкіндік беріліп отыр. Бұл тұрғыдан ешқандай шектеу қойылмаған, – деді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ саяси зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Айгерім Әбдірашитова.
Оқи отырыңыз: Құрылтай: Мемлекет басшысы ғылым қалашығын құру туралы заң дайындауды тапсырды