Елімізде 20 жоғары оқу орны базасында жасанды интеллект бойынша 20 білім беру бағдарламасы енгізілді
Ғылым және жоғары білім министрлігі биылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кезінде жасанды интеллектінің көмегіне жүгінбек. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Министрлік жасанды интеллект кадрларын даярлау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Былтыр «Жасанды интеллект негіздері» пәнінің стандарты енгізілді. Соның негізінде білім беру процесінде жасанды интеллектіні пайдаланудың жалпы принциптері, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде жасанды интеллектіні қолдану бағыттары айқындалды. Сондай-ақ министрлік жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына жасанды интеллктіні қолдану бойынша құзыретті игеруге бағытталған пәндерді барлық білім беру бағдарламаларына енгізуді көздейтін өзгерістер енгізді, - деді Нұрсұлтан Махатов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Спикердің мәлімдеуінше, елімізде 20 жоғары оқу орны базасында жасанды интеллект бойынша 20 білім беру бағдарламасы енгізілді, аталған бағдарлама бойынша 2 196 магистрант пен докторант оқып жатыр.
Атап айтқанда:
Оқи отырыңыз: Халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздары мен педагогтарға біржолғы ақшалай сыйақы беріледі - Асхат Аймағамбетов