ҰБТ-ға өтініш беру мерзімі жарияланды

instagram.com/testcenterkz
instagram.com/testcenterkz

Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш беру 2025 жылғы 12-25 сәуір аралығында www.app.testcenter.kz сайты және UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ұлтық тестілеу орталығының баспасөз қызметінен хабарлағандай,  12-18 сәуір аралығында ҰБТ-ға өтініш берудің алғашқы кезеңі өтеді. Ал 19-25 сәуір аралығында бір немесе екі рет өтініш беру қолжетімді болады.

«ҰБТ өткізу мерзімі 2025 жылдың 16 мамыр-5 шілде аралығында өтеді. Тестіленушілер ҰБТ-ға өтініш беру кезінде ұсынылған тестілеудің өту пунктін, күнін және уақытын өздері таңдайды», - дейді орталық өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде тестілеуді 2 рет тапсырып, екі сертификаттың біреуімен (ең үздік нәтижемен) білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға болады.

Негізгі ҰБТ-ға:

  • 2025 жылғы мектеп және колледж түлектері;
  • мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері;
  • шетелде 11(12) сынып білім алушылары;
  • қандастар;
  • ЖОО-да шартты түрде білім алушылар қатыса алады.

«Биылғы (2025) жылдың МЕКТЕП түлектері ҰБТ-ға ТЕГІН қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге», - деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері.

Оқи отырыңыз: Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

Новости партнеров