Жамбыл олысында 187 млн теңгенің темекі бұйымдарын заңсыз әкелгендер ұсталды

07.02.2025 13:23

Темекі бұйымдары көрші елден Қазақстанға ілеспе құжаттарысыз жеткізіліп тұрған

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл олысында темекі бұйымдарын заңсыз тасымалдағандардың жолын кесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"5 ақпанда Қарасу елдімекенінде ҰҚК шекара жасағы темекінің ірі партиясын (535 мыңнан астам қорап) тасымалдау әрекетінің жолын кесті", - делінген хабарламада.

Темекі бұйымдары көрші елден Қазақстанға ілеспе құжаттарысыз жеткізіліп тұрған.

Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны 187 млн теңгеден асады.

Әрі қарай қаралуы үшін жүк тиісті органға берілді.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында жүргізуші есірткі алып бара жатқан жерінен ұсталды