Ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды: қазақстандықтар кіммен төбелесіп жүр

14.02.2025 14:29

Төбелеске қатысқандар бір-бірінің үстінен арыз түсірген

sozcu.com.tr

Анталиядан Астанаға ұшып шыққан ұшақ қазақстандық әйелдер мен шетелдік ерлі-зайыптылар арасында туындаған жанжал салдарынан шұғыл қонуға мәжбүр болған,  деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Sozcu.com.tr жазуынша, ұшақ ұшқан сәтте басталған жанжалдың соңы төбелеске ұласып, стюардессалар екі жақты тыныштандыра алмаған. Сол себепті ұшқыштар түнгі сағат 02.00-де Эрзурум әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болған.

"Полиция төрт жолаушыны ұстап, учаскеге жеткізді. Артынша олар тексеруден өту үшін медициналық мекемеге жіберілді", - делінген хабарламада.

Төбелеске қатысушылар бір-бірінің үстінен арыз түсірген. Әуежайда бір сағаттай тұрған ұшақ жолаушыларды қайта отырғызған соң Астанаға ұшып, бірнеше сағаттан кейін сәтті қонды.

Оқи отырыңыз: Ресейде жоғалған бала Қазақстандағы ауылдан табылды