Мұз жарылып кеткен: Жетісу облысында 25 балықшы құтқарылды

10.01.2025 14:30

Құтқарушылар оларды қайықпен жағаға жеткізді

Пресс-служба МЧС РК

Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері 25 балықшыны құтқарды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алакөл көлінде Ақши ауылы мен Көктұма ауылы арасында мұз жарылып, 25 балықшы жағаға жете алмаған.

"Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар қайықпен оларды жағаға жеткізді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ", - делінген хабарламада.

ТЖМ қатпаған мұзға шығудан бас тартуды ұсынады және қауіпті әрекеттерден сақтануға кеңес береді. Балық аулау - сенің өміріннен қымбат емес.

Оқи отырыңыз: СҚО-да жұмысшылардың жалақысынан 2 млн теңге заңсыз ұсталған