Ұлттық киімге деген сұраныс артып келеді

Ұлттық киімдер күніне арналған Nauryz Fashion Day сән көрсетілімі өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Арбат алаңында Ұлттық киімдер күніне арналған Nauryz Fashion Day сән көрсетілімі өтті. Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылған іс-шарада көрермен назарына заманауи  үлгідегі ерекше топтамалар ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сән кешінің қонақтары этностильде киініп, қызыл кілеммен жүріп өтті. «Әлемді таңқалдырған қазақ әжелері» жобасының қатысушылары мен «Мисс Қазақстан» байқауының жеңімпаздары іс-шараның көркін аша түсті. Бастама ұлттық мәдениетті дәріптеуге және Наурыз мейрамының сән-салтанатын арттыруға бағытталды.

 «Ұлттық киімдер қоғамда қолдау тауып отыр. Сондықтан қазіргі таңда енді көптеген жоғары оқу орындарында, мектептерде білім алушылар ұлттық киім киіп жүр. Оны барлығымыз көріп жүрміз, сол осы жылдан жылға ұлттық киімге деген қызығушылықтың артып жатқан бір белгісі шығар», – деді Алматы қаласы тарихы музейінің жетекшісі Кәмшат Жиенәлиева.

 «Мақсатмыз – ұлттық нақыштағы киімдерді әлем бойынша сән алаңдарында көрсету, менталитетті таныстыру», – деді дизайнер Раушан Әнуарбекова.

Оқи отырыңыз: Ұлттық киім: көне формаларды ұмытпай, заманауи маталарды қолдану үшін де қабілет керек - этно-дизайнер

 

 

Новости партнеров