Ұлттық кітап күні: Абайдың сирек кітаптары көрмеге қойылды

23.04.2025 15:39

Кештің басты мақсаты – кітап оқу мəдениетін қалыптастырып, өскелең ұрпақтың әдеби һәм рухани білімін арттыру

Almaty.tv

Елімізде алғаш рет «Ұлттық кітап күні» атап өтіліп жатыр. Мәдени мереке аясында Алматыда ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі - хәкім Абайдың 180 жылдығы мен Тұрағұл Абайұлының туғанына 150 жыл толуына орай өткен ғылыми-танымдық басқосу, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тағылымға толы іс-шараға абайтанушы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, оқырмандар мен жастар қатысты. Кештің басты мақсаты – кітап оқу мəдениетін қалыптастырып, өскелең ұрпақтың әдеби һәм рухани білімін арттыру.

 «Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінде Абай мен Тұрағұлдың сирек кітаптары көрмеге қойылды. Бұл іс-шараның жастарға, жас ғалымдарға берер маңызы зор. Өйткені Абай мен Тұрағұл екеуі де – ұлт қайраткері! Алаш қайраткері ретінде Тұрағұл Абайұлын танимыз. Алаш идеясы Абайдан басталады», – деді ҚР Ұлттық кітапханасы сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің қызметкері Ертай Біләл.

Оқи отырыңыз: Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады — Президент