Тәртіпті қамтамасыз ету үшін күн сайын 2000-ға жуық Ұлттық ұлан қызметкері кезекшілік атқарады
Биыл Ұлттық ұлан жасақтары мен түзеу мекемелерінің қызметкерлері бірлесе отырып, жаза өтеу орындарында 20-ға жуық заңсыз әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv
Нәтижесінде, 140 ұялы телефон, 152 SIM-карта, 45 өткір құрал, жарты келіге жуық марихуана мен 20 литр спирттік сусын тәркіленді.
Айта кетейік, қылмыстық-атқару мекемелеріндегі қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін күн сайын 2000-ға жуық Ұлттық ұлан қызметкері кезекшілік атқарады.
«Биыл 20 заңсыз затты лақтыру әрекеті тоқтатылды. Нәтижесінде 17 құқық бұзушы ұсталып, олар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тексеру барысында есірткі заттар, ұялы телефондар, sim-карталар және спирттік сұйықтықтар тәркіленді, – деді Жауынгерлік қызмет басқармасының аға офицері Жаслан Қапақов.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда екі жаңа әскери колледж ашылады