Ұлы дала ойыны: көкпарға арналған фотокөрме ашылды

06.03.2025 19:42

Көрменің ашылуына мәдениет қайраткерлері, танымал тұлғалар, өнер сүйер қауым мен қала тұрғындары қатысты

Алматыда көшпелілердің байырғы заманнан бері келе жатқан ғұрыптық-жауынгерлік ойын түрі көкпарға арналған ерекше фотокөрме ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Белгілі фотограф Никита Бассов қазақтың ұлттық спорты, ат жарыстарын суретке түсіру арқылы дәстүр мен заманауи өнерді үйлестірген. Көрменің ашылуына мәдениет қайраткерлері, танымал тұлғалар, өнер сүйер қауым мен қала тұрғындары қатысты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл жоба қазақтың көшпенді мәдениеті мен ұлттық спортына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. «Ұлы дала ойыны» атты көрме Орталық көрме залында 30 наурызға дейін жалғасады.

«Ұлы дала ойыны – біздің ұлттық спортымызға арналған көрме. Өз жұмыстарымды көрермен назарына ұсынғаныма қуаныштымын. Бұл жобаға мен дәстүрлі, олимпиадалық, классикалық спорттағы 20 жылдық тәжірибемнің арқасында келдім. Көпшіліктің назарын ұлттық спорт түрлеріне аудартып, сүйікті репортаждық және портреттік фотосуреттерімді біріктіру мүмкіндігіне ие болдым, – деді фотограф Никита Бассов.

Оқи отырыңыз: Үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионаты: алғашқы турнирі 4 қалада өтеді