Көкшетауда алаяқтар тәрбиешінің телефонын бұзған
Көкшетауда алаяқтар тәрбиешінің телефонын бұзып, балабақшадағы балалардың бірінің анасын қорқытқан,деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Көкшетау тұрғыны балабақша тәрбиешісіне ұлы ұйқыдан тұрғаннан кейін ертерек алып кететінін жазған. Алайда «ұлыңыз енді оянбайды» деген жауап хабарлама келген.
«Әлі де өз-өзіме келе алмай отырмын... Мен тәрбиешіге Сәлімді балабақшадан ертерек алып кеткім келетінін жаздым. Сол сәтте не сезінгенімді білсеңіздер ғой... Көлікте кіші ұлым болған еді, мен оны сыртқа шығарып жібердім. Содан кейін айқайлап, балабақша директорына қоңырау шала бастадым», – дейді баланың анасы әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видеода.
Әйелдің айтуынша, тәрбиешінің телефонын бұзған белгісіз адамдар басқа ата-аналарға да үрей тудыратын хабарлама жіберген.
Оқи отырыңыз: ХҚКО-да кезек күту уақыты 40 минутқа қысқартылды